Қазаққа үлгі боларлық ұлт араптар ма? Қоғамдық сананы панарабистік идеологиядан арылту қажет!
Шариғат туралы сөз қозғап, Алла туралы әңгіме өрбісе араптарды үлгі етіп ағынан жарылатындар жетіп артылады. Кейбіреуі өзінің ұлттық құндылығы мен ерекшелігін жат санап шариғатқа қарсы екенін дәлелдеуге тырысып бағады. Зерттеу нәтижесінде мұндай әсіре діншіл топтардың басым бөлігін қазақ дәстүрі мен шариғаттан хабары жоқ сауатсыз адамдар құрайтынын көрсетіп берді. Олардың қоғамдық пікірлері «ең құрметті тіл араб тілі, үлгі аларлық ұлт арабтар» деген секілді панарабистік көзқараста қалыптасқаны байқалады. Мұндай топтар ұлттық идеологияға төнген үлкен қасірет, арты панарабистік қозғалысқа...