ДАРВИН ТЕОРИЯСЫ АТЕИЗМ РУХЫ (Агностиклер)
ДАРВИН ТЕОРИЯСЫ АТЕИЗМ РУХЫ (Агностиклер)


Бір жолы студенттермен дидарғайып сұхбат болды. Сонда бір студент жанында отқан баланы "Мынау Құдайға сенбейді" (сендіріп көріңдерші кәне дегендей) деп бізге қарады. Қапелімде, құлақ үйренбеген мұндай сөзді естіп біз абдырып қалдық. Асылы біздің міндет біреуді Құдайға иландыру еместі. Әм Демократиялы құқықтық мемлекетте Құдайға сену, сенбеу өз ырқыңда. Уә, зайырлы сипаттағы білім беру орыны болғасын бір діннің инанышын дағуат қылмақтың қисыны жоқты. Біз оған жиыннан соң жеке келуге болатынын ескертіп, тақырыбымызды әрмен қарай жалғай бердік.

Құдайға сенбеу қайдан шықты?
_____________________________________________
Кеше ғана Құдайға жазбақ түгілі, бес уақыт намазды өтемейтінді өзгеге өрнек болмасын деп елден аластатып отыратын жұрттың ұрпағы едікқой шіркін....
-------------------------------------------------------------------------
Сұбыстанция
Бүгіннен 80 жыл бұрын Коммунистер 19 ғасырда пайда болған "Адам маймылдан шықты!" деген лозунгты қалқан қылып Құдай ілімімен күресті бастады. Һәм лас ақылдан туған бұл ілім белгілі бір дәрежеде нәтижелі болды. Бүгінде агностиктер мен атеистер жұртымыздың 10 % құрайды деген жалған ғылымдардың ішіндегі ең шынайы статистикалық көрсеткіштер көзге ілініп жүр.

Енді ойлаймын, неге адамдар маймылдан шықпағы керек, бәлкім маймыл адамнан шықты? Мүмкінғой. Әгәр, адам адами қасиет сақтамаса, айуаннанда төмен, оданда өткен жыртқышқа айнала алады. Меніңше "Маймылдың адам болуынан, АДАМНЫҢ МАЙМЫЛҒА АЙНАЛЫП кету ықтималдылығы жоғары сықылды. Һәм бұл ықтималдықты Бақара сүресінің шу аятларыда қуаттай түскендейме?!..

وَلَقَدْ عَلِمْتُمُ الَّذِينَ اعْتَدَوْا مِنْكُمْ فِي السَّبْتِ فَقُلْنَا لَهُمْ كُونُوا قِرَدَةً خَاسِئِينَ  
(65) Расында сендерден сенбі күні шектен шыққандарды білесіңдер, сонда оларға: “Маймыл болып, қор болыңдар” деген едік.

فَجَعَلْنَاهَا نَكَالًا لِمَا بَيْنَ يَدَيْهَا وَمَا خَلْفَهَا وَمَوْعِظَةً لِلْمُتَّقِينَ
(66) Сонда ол жазаны, ілгері-кейінгілерге үлгі әрі сақтанушыларға насихат қылдық

Назар:
Әлбетте эвалюция ілімінің белгілі бір шындығы бар. Ама толығымен аксиомаға айландыруға теологиялық ақыл көнбейді. Һәм эвалюциялық теорияға өз заманында қарсы шыққан ғалымдарда болды. Мархабат.

Дарвин, ғылым, дін, атеизм, адам эвалюциясы, агностик, адам маймыл
Марат ЕржігітовМарат Ержігітов
3 жыл бұрын 2455
0 пікір
Блог туралы