Қазақ жастарының Радикалды топтарға қосылып кетуінің себептері және олардың алдын алу
Қазақ жастарының Радикалды топтарға қосылып кетуінің себептері және олардың алдын алу

Күнімізде ислам атын жамылған Қазақ қауымына қауіп төндіретін түрлі ағымдар қатарына қазақ жастарынын көптеп қосылып жатқаны рас. Олардың кіріп кетуінің басты себебі ислам діні туралы түсінікті дәстүрлі ханафи мазһабы бойынша қалыптастырмауында. Ислам діні туралы қазақ дәстүрінен жат түсінік пен танымды жадына сіңіріп алған адамның бетін бері қарату өте қиын. Пікірін өзгерту үшін қажырлы еңбек пен шеберлікті қажет етеді. Қазіргі жастардың дін туралы түсінігінің қалыптасуы мен қызығушылығына ықпал ететін негізгі фактор оның көп қатынасқа түсетін ортасы мен ғаламтор көзі болып отыр. Кез келген адамның дінге бет бұрып зейін қоюына түрлі жағдайлар түткі болуы мүмкін. Дінге деген қызығушылығы оянғаннан кейін оның ислам діні туралы түсінігінің қалыптасуына төрт түрлі фактор әсер етеді.

Интернеттен өзі жақсы түсінетін тілдегі ислам діні туралы информация іздейді. Мейлі қазақ тілі, мейлі орыс тілді сайттардан алған ақпараттарды ешбір фильтрсіз бойына сіңіре береді. Және алған ақпараты бойынша амал етуге тырысады. Бұл кеңінен тараған жолы. Өзі құрлы пікірлес адамдармен қатынас орнатып алғашқы алған бағыты бойынша ілімін дамытады. Түрлі топтар мен қауымдастықтарға мүше болып сұрақ жауап, пікірлерін бөліседі.  

Мешітте басты әсер ететін негізгі екі фактор мешіт имамы мен жиналатын жамағаты. Имам түрлі сұрақтар мен мықты уағыздар жүргізіп, мешіт әдебін ізденушінің көңілі толарлықтай етіп жүргізсе, әрдайым келушілерге қазақ дәстүрі мен ислам туралы түсінігі Ханафи мазһабы бойынша қалыптасқанын жиі ескеріп отырса ізденушінің сенімі ханафи мазһабы бойынша  қалыптасады.

Ал мешіт имамы діни білімі мен әдебі бойынша әлсіздеу болып, жамағатымен дұрыс қатынас орната алмаса рухани ізденушінің діни көзқарасын жамағат арасы қалыптастыра бастайды. Жамағат Ханафи мазһабын мойындамай исламның өзге мазһабтарымен жүріп тұратын болса, негізгі мәселе осында.

Дін туралы алғаш әсерлі уағыз. Бұл кез келген кезде пайда бола кетуі мүмкін. Көшеде, таксиде, сапарда, түрлі мерекелік кештер мен адам көп жиналатын ортада. Уағыз жүргізген адам қамқорлық танытып құдай туралы алғашқы түсінігін тыңдаушысына дінді өзі түсінгендей түсіндіруге тырсады. Уақыт өте келе тыңдаушы уағыз жүргізуші адаммен жақын байланыс орнатып, оны өзінің рухани жетекшісіне айналдырып алады.

Кітап Адам түрлі депресияға түсіп келеңсіз оқиға мен түрлі моральдық күйзеліске түскенде  құдайға жалбарынуы көбейеді. Осы кезде құдай туралы түрлі рухани ізденістер жүргізіп діни ілімін толықтырады. Соның бірі еш талғаусыз қолына түскен діни кітаптарды оқып, оқығаны бойынша  өз бетінше пікірі қалыптастырады. Бұныңда радикалды топтқа қосылып кетуі қауіпі жоғары.

Біз тәжірбиемізге сай радикалды топтардың қатарына қосылып кетудің кеңінен тараған төрт түрлі жолын атап өттік. Бұданда басқа себебтерінде жоқ дей алмаймыз. Аса қауіптісі дін туралы түсінігі радикалды ілім шеңберінде қалыптасқан адамның санасын өзгертіп дәстүрлі ислам түсінігіне қайтару өте қиын. Бұлармен жұмыс жүргізіп жатқанда, қатарларына жас буындар қосылып жатады. Ең тиімді әрі нәтижелі болу үшін қателескендермен жұмыс жүргізіп, жастарымызды бұл жолға кетіп қалмаудың алдын алу керек. Қалай алдын аламыз. Жергілікті тұрғындарды жалпы бірдей мешітке күштеп не қызықтырып алып бара алмаймыз. Мешіттерге бейне бақылау орнатып барынша алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Бірақ жастардың көбі кітап оқып мешіттен жүйелі білім алғаннан  гөрі ютуб пен діни сайттарды қарап керегін алып жатады. Бүгінгі күнде  ҚМДБ ның таңбасы тек кітаптарға ғана жазылған. Ал біздегі ақпарат көздері интернетпен көбірек тарайды және пайдаланылады. Сондықтан дәстүрімізге сай ислам діні туралы ақпарат тарататын сайттарға да ҚМДБ ның белгісін орнатқан нәтижелі болмақ. Себебі abu-hanifiya сынды Ханифа мазһабының атауын ұқсайтын  өзге сенім өкілдері қарапайым халықты шатастырып жіберуі мүмкін. Қорыта келе біз ислам атын жамылған радикалды тобтан халықты сақтандырудың бірден-бір жолы осы демейміз. Аздап болсада алдын алып қауіптің утын бәсеңдетуге себепші болудың бір жолын ұсындық. Бұл бір кісінің не, мемлекеттің қолындағы іс емес. Бұған жаппай халық болып, қоғам болып, төл тарихымыз бен ұлттық құндылығымызды дамыта отырып қарсы тұруымыз керек екендігін айтамыз.

Марат Қайратұлы

ҚМДБ, адасқан ағымдар, ДУМК, Радикалидар, салаф деген кім, радикалды топтар, террористер, уаһабистер қайдан шықты, сәләфилер қалай пайда болады
Марат ЕржігітовМарат Ержігітов
8 жыл бұрын 5305
4 пікір
Блог туралы