Уаһабилік-сәләфизмнің ақида мәселесінде өте маңызды болған «ҮШ НЕГІЗ» кітабының толық сыйпаттамасы.
Уаһабилік-сәләфизмнің  ақида мәселесінде өте маңызды болған  «ҮШ НЕГІЗ» кітабының толық сыйпаттамасы.

Уаһабилік-сәләфизмнің  ақида мәселесінде өте маңызды болған

«ҮШ НЕГІЗ» кітабының толық сыйпаттамасы.

Кітап  авторы: Шейхул-Ислам Мухаммад ибн Суләйман әт-Тамими

 

Назар аударыңыз: Ислам діні жайында мазһаб, сүннет, хадис шариғат ілімдерінен тәуір білімі бар оқырмандарға арналған.  Материал Уаһабилік-сәләфизмнің  ақида мәселесінде маңызды болған «Үш негіз» кітабы жайында өте қысқа негізгі мәліметтерді қамтиды.

 

Кітап мазмұны қабірде сұралаты үш сұраққа негізделген

1)Раббың кім?

2)Дінің не?

3)Пайғамбарың кім?

Автор кітаптың негізгі тақырыбына кірісудің жолы ретінде Үш бастама келтіреді.

 

Бірінші бастама

 

Екінші бастама

Үшінші бастама

1 Білім

 

Рубубия таухиды

Тауһид және оның қарама қайшысы болған ширк туралы

2 Білімге амал ету

 

Улуһия тауһиды

3 Соған дағуат жасау

 

Есім сыйпаттар тауһиді.

Әл уәлә уәл бара (Алла үшін жақсы көру, және ол үшін жек көру) мәселесі.

4 Сол жолда қиыншылыққа сабыр ету

 БІРІНШІ БАСТАМА

Бізге 4 мәселені үйрену уәжіп  болды.

1)      Білім

2)      Білімге амал ету

3)      Соған дағуат жасау

4)      Сол жолда қиыншылыққа сабыр ету

Сәләфилік ақида бойынша үйренуге тиіс болған осы төрт нәрсеге дәлел ретінде Құранның Аср сүресін әкеледі.

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ وَالْعَصْرِ ﴿١﴾ إِنَّ الْإِنسَانَ لَفِي خُسْرٍ ﴿٢﴾ إِلَّا الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ وَتَوَاصَوْا بِالْحَقِّ وَتَوَاصَوْا بِالصَّبْرِ﴿٣﴾

Заманға серт. (1)Негізінен адам баласы зиянда. (2) Бірақ сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, бір-біріне шындықты үгіттесіп, сабырды үгіттескендер; олар зиянға ұшырамайды. (3)       

 

1 Білім

Шариғат

Дүние білімдері

Уәжіп

Мұстахаб

Пайдалы білімдер

Пайдасыз білім

Зиянды білімдер

Уәжіп

Айни

Кифайя

Уәжіп амалдарға қосымша істесең сауап алатын амалдар. Мысалы:

Тәһәжүт намазы, Дұха намазы

Медицина

Инжинерия,

Физика

Математика

тб

Логика тб.

(Мысалы логика ілімін олар таудың басындағы сасыған етке теңейді, еңбектеніп шығасын бірақ түкке жарамайды)

Музыка

Философия

Сыйқыр

Пал ашу өнері

т.б

Әрбір Мұсылман білуі тиіс шарттар. Мысалы:

Намаз

Дәрет

Ораза т.б

Көпшілік арасынан біреуі білсе жеткілікті.

Мысалы: кебіндеу,жерлеу рәсімдері т,б

Білім 6 дәрежеге бөлінеді

1)      Қарапайым білместік (толық  білмеу)

2)      Күрделі білместік (өзі білмеу, өзінің білмейтінін білмеу)

3)      Қате түсіну (49 %)

4)      Күмән (50 %)

5)      Басым ой (51-99 %)

6)      Білім (100 % - Яқин)

Білімнің осы дәрежелерін келтірудегі мақсат автор келтірген «білу керек» деген талап білімнің алтыншы дәрежесіне, яғни білімнің шынайы мәнін ешбір күмәнсіз толық білуді меңзейді.

Яқинның дәрежелері

Илмул Яқийн - қандай да бір нәрсені анық сеніммен білу. Мысалы: Алланың бар, бір екеніне, жәннәтпен тозақтың хақ екеніне күмәнсіз сену

Айнул Яқийн – қандай да бір нәрсені илмул яқийнмен білгеннен кейін, оны көзбен көріп, шынайы мәніне көз жеткізу. Мысалы: Қиямет күнінде жаннаты өз көзіңмен көру

Хаққул Яқийн – Қандайда бір нәрсеге жету. Мысалы: Жәннәтқа кіріп рахатын сезіну

Жоғарыда айтқан сөздеріне  Құраннан дәлел ретінде Әт-Тәкәсур сүресінің 5-7 аяттарын келтіреді.

لَوْ تَعْلَمُونَ عِلْمَ الْيَقِينِ ﴿٥﴾ لَتَرَوُنَّ الْجَحِيمَ ﴿٦﴾ ثُمَّ لَتَرَوُنَّهَا عَيْنَ الْيَقِينِ ﴿٧﴾ (Жоқ олай емес. Анық білген боласыңдар; Әлбетте тозақты көресіңдер. Сонан кейін әрине көзбен көресіңдер)

 

Ислам дінін тану туралы

Ислам дінінің екі түрлі мағынасы бар

Жалпы мағынасы

Нақты мағынасы

Бұл Адам атадан Мұхаммад сғс дейін болған барлық пайғамбарлардың діні.

Бұл Мұхаммад сғс алып келген дін. Бұл діннің келуі бұған дейін келген барлық діндердің күшін жойды. Сондықтан кім осы дінге мойын сұнса мұсылман. Ал мойын сұнбаса мұсылман болып саналмайды. (Имран 85, Маийда 3)

 

2 Білімге амал ету

Амалдар бірнеше түрге бөлінеді

1)Уәжіп - орындауға міндетті амалдар

2) Мустаһаб - істесең сауап амалдар

3) Харам - жасауға тиым салынған амал

4) Мәкрух - жасамағаны дұрыс амалдар

Білім алу және оған амал жасау мәселесінде адамдар төрт топқа бөлінеді

1)      Білімі бар және оған амал жасайтындар. Бұл адамдардың ең абзалдары болған мүминдер

2)      Білімі бар, бірақ оған амал жасамайтындар. Бұлар яһудилер сияқты ең жаман топ

3)      Білімі жоқ, бірақ білімсіз амал жасайтындар. Мұндайлар Хриcтиандар сияқты

4)      Білімі де амалы да жоқтар. Бұл топтар жайлы Алла тағала Фатиха сүресінде 6-7 аяттарды айтады

3       Соған дағуат жасау

Адамдарды тура жолға шақыруға әрекет жасау бұл дүниенің көзі қызығатын заттарынан әлде қайда жоғары тұрады (Сәһл ибн Сәғд) секілді хадистер әкеледі. 

4 Сол жолда қиыншылыққа сабыр ету

Әнғам сүресі 34 аяты мен ибн Тәймияның «жетекшілік етуге сабыр мен айқын сенім арқылы қол жеткізіледі» және тб хадистер мен аяттарды әкеледі.

  ЕКІНШІ БАСТАМА

Таухид мәселесі

Рубубия таухидінің мағынасы - Алланың жалғыз өзі жаратушы, ризық беруші және барша істердің Басқарушысы екендігіне иман келтіру. Тіпті лағнеттелген Ібілісте Алланың бар екендігін, яғни рубубия тауһидін мойындаған. Рубубия тауһидін мойындамайтын қауымдардың бірі қазіргі кездегі – коммунистер, материалистер. Бұлар құдай жоқ деген сөзді тек тілдерімен айтқан. Ал жүректерінде алланың барына сенген. Бұған дәлел коммуниз жүйесі құлағаннан кейін адамдардың өз дініне оралуы.

Улуһия таухиді – ғибадатты жалғыз Алланың өзіне арнау. (мысалы Буддист, Синтоизм, құдай жаратты деп мойындайды бірақ көп құдайға табынады) Адамзат пен жындарды осы таухид үшін жаратты. Ол осы тауһид үшін пайғамбарлар жіберді әрі кітаптар түсірді. (Әл Әнбия 25) Рубубия таухидін мойындаған адам міндетті түрде Улуһия тауһидін мойындауы тиіс. Мойындамаса мұсылман болып есептелмейді.

Есім сыйпаттар тауһидінің мағынасы – Көркем есімдері мен ұлы сыйпаттарында жалғыз деп сену. Мысалы: Құранда Алланың қолы бар екенін айтқан. Біз Алланың өзінің ұлылығына сай ешбір жаратылыстардың қолына ұқсамайтын қолы бар екеніне иман келтіреміз. Оны Алланың құдыреті деп бұрмаламаймыз. Алланың қолы жоқ деп жоққа да шығармаймыз. Оның қолы бар және қолының сыйпаты былай деп бейнелемейміз. Сондай ақ Алланың қолы пәлен нәрсенің қолы сияқты деп мысал келтірмейміз. Өйткені Алланың есім сыйпаттары Оның ұлылығына ғана лайықты болған сыйпаттар. Бұл жаратылыстардың сыйпатына ұқсамайды.

ҮШІНШІ БАСТАМА

Бұл бастамада Тауһид және оның қарама қайшысы болған ширк туралы Құран аяттары мен пайғамбарымыздың хадистері, сондай-ақ заманында Әхлі Сунна ғұламалары қарсы шыққан Ибн Тәймия сынды Ислам дінін өзінің түсінігіне сәйкес бұрмалап түсіндіруге бейім адамдардың пікірлерін қамтиды.

                                                                                                               Марат Қайратұлы

Марат ЕржігітовМарат Ержігітов
8 лет назад 15880
1 комментарий
О блоге