Конфессия аралық келісім отаны Қазақстан
Конфессия аралық келісім отаны Қазақстан

 

Латын сөзі «confession - конфессия» дін жолы немесе діни сенім ұғымына жақын. Белгілі бір діни ілім тұрғысындағы діни сенім ерекшелігі, сондай-ақ бір дінді ұстанатын діндарлар бірлестігі. Мысалға әлемдік діндердің бірі христиан діні бойынша конфессия ұғымын қарастырып көрейік. Еуропада христиан діні саяси-әлеуметтік жағдай мен діни көзқарастың қайшылығына орай 1054 жылы екі үлкен конфессияға бөлінді. Шығыс еуропа христиандары христиандықтың Ортодокс (Православ) бағытына мойынсұнса, Шіркеу әкесі құдайдың жердегі өкілі, күнәсіз деп санайтын еуропаның батыс бөлігі христиандықтың католик бағытын ұстанды. Екі бағыт христиан дінінің ең үлкен әрі алғашқы конфессия аралық бөлінудің бастамасы болды. Араға V ғасырлық уақыт салып қазіргі кезде әлемде өте қарқынды миссионерлікпен айналысып жатқан, әрі өзара конфессияға жиі бөлінетін христиандықтың жаңа бір бағыты протестанттық конфессия ортаға шықты. Протестант «protestatio-қарсы болу» аты айтып тұрғандай еуропада үстемдік еткен Рим католик шіркеуінің діни ұстанымына қарсы шығып, шайтани адасушылар деп айып тақты. Қарсы тарапта дәл осылай протестанттарды айыптады. Бұл айыптаудың соңы аяусыз қантөгіс пен жазықсыз жандардың жапа шеккендігі жайында атақты «Варфолмей түні» Massacre de la Saint Barthelemy оқиғасымен көз жеткіземіз. Оқиға желісі 1572 жылы 24 тамызға қараған түні Парижде реформацияға қарсы күресте біріккен католиктік конфессия өкілдер протестанттарды жаппай қырғынға ұшратады. Екі аптада 30 мыңнан астам адам өлтіріледі. Басты себеб екі тарапта өзінің діни ілімінің дұрыстығын құдайсыз, қару күшімен бір-біріне дәлелдегісі келді. Бұл христиан сеніміндегі құдай сөзі саналған Киелі кітаптағы (Библия) Иса Мәсіхтің өсиетіне мүлде жат. Иса өсиеті бойынша «Кімде кім басқа адамға (өлтірмек түгілі) кәрін төксе, сол құдай алдында сотталмақ» десе тағы бір жерінде «Зұлымдық жасағаннан кек алма» тіпті «Жауларыңды жақсы көріңдер! Өздеріңді қудалағандар үшін жаратқан иеге мінәжәт етіңдер» (Матай 5:23-6:12) деп барша христиандарға үлгі көрсетті. Ал өздерін құдай жолында жүрміз деп жазықсыздарға жапа шектірген бір діннің екі тармағы Киелі кітап шартын бұзды. Дін атынан соғыс ашып Құдай әмірін жер бетіне орнатамыз деп ұрандаған мұндай қанды қақтығыстар тарихта жиі кездеседі.

Бір діннің өкілі өзі сенген құдайға сенбегені үшін өзгелерді айыптап, адамгершіліктен аттады. Тіпті адам түгілі тірі шыбынға зиянын тигізбеуді өзінің өмірлік мақсаты тұтқан Индуизм дінін ұстанатын индуистер мұсылмандарды өлердей жек көрді. Синто дінін құп көруші Жапон дәстүріде христиан дінін соншалықты жек көріп қаралады. Себебі әрбір  христиандықтың өз дінінe қатты бeрілгeндігі, одан бас тартпауы, табандылық танытқаны жапондықтардың қауіпін күшeйтті. Олар бұл қылықты өздeрінe көрсeтілгeн өрeскeлдік дeп қабыл алды.

Шын мәнінде діни фанатизмге бой алдырып діни сенімінің ерекше болғанына қорлық көріп, тағдыр тәлкегіне ұшыраған жазықсыз жандар әлі күнге дейін кездесіп жатыр. Бір ғана мұсылмандар жамағатының арасында түрлі топтарға бөлініп өзара жауласып жатқандары қаншама?! Мұсылмандардың қасиетті кітабы Құранда бірлік пен берекеге, өзге діндегілерге құрметпен қарауға, жазықсыз кісі өлтіруден тиып толеранттылыққа шақыратын аяттар жиі кездеседі. Діні мен тілі, руы, нәсілі үшін адам баласы бір-бірінен артық, кем санау әрине құдай заңына қарсы іс. Дін атауы тек жақсылыққа, мейірімділікке шақырады.

Тарих беттерінде әртүрлі діндердің бір жерде тең дәрежеде қатар өмір сүрген кездеріде болды. Ондайды біз сиамдықтардан көрeміз. Сиамдықтарда қалыптасқан қағида бойынша барлық діндер қадірлі болып саналады. Қалмақтарға келсек олар үшін барлық діндeргe eріктілік абырой болып саналған. Ал Калькуттада барлық діндeр жақсы дeгeн түсінік мeмлeкeттік принціп рeтіндe қабылданған. Бұл кезде батыста жағдай тіпті бөлек. Бір дәуірде өмір сүрген осы мемлекеттердің ұстанымдары әртүрлі. Бір мемлекеттер толеранттылықпен діни түсіністікті негізгі принціп етіп алса, екіншілері діни фанатизм мен шектен шығып адамгершіліктен аттап өтіп жатыр. Қазақ жеріде сан-мыңдаған өркениетті бойына жиған кешегі сақ пен ғұнның, бүгінгі қазақ жерін мекендеген 130 ға жуық этностын отанына айналды. Тарихи деректерге сүйенсек қазақ даласында әлемдік діндердің барлығыда кең қанат жайып өзінің діни ілімін еркін таратты. Үнді буддалық карма ілімі, Христиандықтың несторилері, яковиттері, Орыс православ шіркеуі ілімі кеңінен таралды. Бір кездері еуропада өзара жауласып бөлініп кеткен католиктер, адвеннтистер, елуіншілер, інжілдік христиан баптистер, пресвитерандар мен лютерандар бүгінде Қазақ даласында бас қосып бір жерде тату тәтті тең құқылы өмір сүріп отыр. Елімізде түрлі діни бағытқа жататын 18 конфессияға тиесілі 3700-ге жуық діни бірлестіктер еркін жұмыстарын жүргізуде.  Мемлекет тарапынан оларға ешқандай қысым мен, шектеулер қоймаған. Тіпті мемлекет олардың (заңға қайшы келмесе) ішкі ісіне араласпайды. Яғный біз зайырлы принціпін ұстанған республикамыз. Еліміздің конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтар (ҚР Конституциясы 1бап.1). Сондай-ақ ел азаматының діни сеніміне байланысты қоғамдық кемсітуге жол берілмейді. Конституцияда Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды (ҚР Конституциясы 14 бап.2). Еліміздің заңнамаларына сәйкeс, қандай діни сeнімді ұстанатыны сот ісіндe, әлeумeттік игіліктeргe иe болуында нeмeсe eңбeктік, қызмeттік жағдайында өз құқығын жүзeгe асыруда азаматтар мeн діни бірлeстіктeргe кeдeргі кeлтірe алмайды. Eлбасының Қазақстан халқы Ассамблeясының ХХ сeссиясында: «Біздің Ұлы Дала мыңдаған жылдар бойы толeрантты, яғни тағатты болды. Сонымeн біргe, мeн толeранттылықтың, кeйбірeулeр ойлайтындай, ойыңа кeлгeнді істeу eмeс eкeнін дe атап көрсeткім кeлeді. Толeранттылық – өзіміз нығайтып, сақтайтын жәнe бүкіл ұрпақты тәрбиeлeйтін біздің қоғамымыздың парасаттылық қалыбы», деп толеранттылықтың тамаша үлгісін түсіндіріп өтті. Қазіргі таңда қазақ халқының өзгe діни сeнімдeргe құрмeті, толeранттылығы мeн түсінісушілігі біріктіру факторына, eліміздeгі қоғамдық тұрақтылық пeн мeмлeкeттік дамуды қамтамасыз eтудің басты шартына айналды. Бүгінгі таңда Қазақ Елі әлемге  конфессия аралық келісім моделін қалыптастырушы мемлекет ретінде танылды.

                                                                                                                                                   Марат Қайратұлы

 

  

 

         

Марат ЕржігітовМарат Ержігітов
8 лет назад 9718
0 комментариев
О блоге
Прямой эфир