Елімізде өзекті мәселелер шешімін тауып реттеліп жатқанына қарамастан әліде болса халық арасында кейбір мәселелер тақыланып жатыр. Мәселен қоғамдағы белсенділердің (биліктегі емес) басты мәселелерінің бірі қазақ тілінің қазақ даласына кеңінен жайылып «мәдениет тіліне» айналдыруды көтеріп жүр.
Қазақ тілі «мемлекеттік тіл», мәдениет тілі дегеніңіз қалай?- деп сұрақ қоюыңыз заңдылық. Мысалға қазақы ортада бір қазақ келіп орыс тілінде сұрақ қойылса білгендері орысша мақтаныш үнмен жауап беріп білмегендері ұялыңқырап «қап, әттең оқымағанымыздай а» -деп жерге жүзін қаратып қала беретіні тәрізді. Бір қызығы орыс тілін білмегені үшін өзін қор санайтын кем бағалы психология тек қазақтардың арасында (әсіресе ауыл қазақтарының арасында) кеңінен тараған. Тіпті қазақтар арасында орыс тілі «қалалық статусты» білдіретін үлкен маңызға ие екенін орыстардың өзі білмесе керек.
Жә, жә, жарайды. Ескі жараның аузын ашып қоғамды қызу талқыға салып (талқыға салар жан болса) резонанс тудырғым келіп отырған жоқ. Елбасымыз қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез-келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналатынын айтып дәл қазір халықты тұтастық пен тұрақтылыққа шақырды. Сондай-ақ латын әріпіне көшіп техника тіліне жақындай түсетінімізді айтты. Бұл өте дұрыс шешім, және орындалатын стратегия екеніне біз сенеміз. Осы тұста тіл мамандары болашақ қазақ тілінің әліпбиі болатын латын қаріптерінің түрлі формаларын ұсынды. Бірі түрік, өзбектікін көшірсе бірі әзербайжандікін алуға ниет білдіріп жатыр. Түрік, әзірбайжандікін көшіріп алсақ қазақ тіліне тән (Ұ,Ү,Ң,І тб) кейбір дыбыстарды жоғалтып алуымыз мүмкін. Осыны ескере келе біз қазақ тіліне тән дыбыстарды қатаң сақтай отырып қазіргі кезде жастардың мобильді хат алмасуда қолданылып жүрген (смс) ағылшын әріпін негізге алып қазақ таңбаларын құрастырып шықтық. Бұл таңбаларда славян тілдеріне тән барлық дыбыстар алынып тасталды. Нәтижесінде орыс тілінен кірген сөздер қазақы дыбыстардың акцентіне ұшырап қазақ тілі (үстемдігі орнауы мүмкін) қаз қалпында сақталуы мүмкін.
Қазақ тіліне тән 30 таңба белгіленді. Қалың қара мен(жирный)жазылғандары алынып тасталды. («Һ» әріпінің өте аз қолданылуына орай алынып тасталды) |
||||
A - А (а) A`- Ә (ә) B - Б (бы) C - Ж (жы) D - Д (ды) E - Е (е) F - Ф (фы) G - Г (гы) |
H - Ғ (ғы) I - І (і) J - Й (и) K - К (кі) L - Л (лы) M - М (мы) N - Н (ны) N` - Ң (ың) |
O - О (о) O` - Ө (ө) P - П (пы) Q - Қ (қы) R - Р (ры) S - С (сы) Sh - Ш (шы) T - Т (ты) |
U - Ұ (ұ) V - Ү (ү) W - У (у) X – Х (хы) Ү - Ы (ы) Z - З (зы) Ь Ъ Һ |
В Е ио Ю Я И Э Щ Ч Ц |
Qazaqstan, O`mir mektebi, Sa`ken, qulager, A`skerge xat, Halymcan, Shempjon, Shapaev, Monholja, Kompjwter, sw arnasy, Nawshnjk, Ult pen da`stvr, Keshqurym, vkili bo`rik, bvrmeli ko`lek,
Марат Қайратұлы