Московиядағы (РФ) түркі тектес автономиялы Республикалар
Московиядағы (РФ) түркі тектес автономиялы Республикалар

Алтай Автономды Республикасы. Жалпы халық саны 214 мыңға жуық. 33,5 % алтайлықтар, 6,1 %  қазақтар құрайды. Тілдері қазақ пен қырғыз тілдеріне ұқсас, монғол қырғыз акцентімен дыбысталады. Жер көлемі 92 900 кв.км. (РФ бойынша 35 орында)  Орталығы - Горно Алтай қаласы.

Башқұрт Автономды Республикасы (Башқұртстан). Жалпы халық саны 4 млн 100 мыңға жуық. 28.79 % башқұрттар, 24 %  татарлар құрайды. Тілдері түркі тілдерінің ішінде қыпшақ-бұлғар тобына жатады. Татар тіліне жақын. Жер көлемі 142 947 кв.км. (РФ бойынша 27 орында) .Орталығы Уфа қаласы.

Қырым Автономды Республикасы. Жалпы халық саны 1 млн 900 мыңға жуық. 13 % қырым татарлары, 58 % орыстар құрайды. Тілдері татар түрік тілдеріне жақын. Жер көлемі 26 081 кв.км. .Орталығы Симферопль қаласы.

Саха Автономды Республикасы (Якутия). Жалпы халық саны 960 мыңға жуық. 48.7 % сахалықтар, 37 %  орыстар құрайды. Тілдері түркі тілдеріне жатады. Түркі тілдерінің көбісі Ж әріпінің орнына И ды қолданса сахалықтар С әріпін жиі қолданады.. Жер көлемі 3 083 500 кв.км. (РФ бойынша 27 орында) Орталығы Якутск қаласы.

Татар Автономды Республикасы (Татарстан). Жалпы халық саны 3 млн 900 мыңға жуық. 53.2 % татар, 40 %  орыстар құрайды. Тілдері түркі тіліне жатады. Башқұрт, түрік тілдеріне жақын. Жер көлемі 67 800 кв.км. (РФ бойынша 44 орында) .Орталығы Қазан қаласы.

Тыва Автономды Республикасы. Жалпы халық саны 315 мыңға жуық. 82 % тувалықтар, 16 %  орыстар құрайды. Тыва тілі түркі тілдерінің ұйғыр тобына жатады, көне оғыз көне ұйғыр, това тілдеріне жақын. Жер көлемі 168 600кв.км. (РФ бойынша 21 орында). Орталығы Қызыл қаласы.

Балқария мен Қарашай Черкесия Автономды Республикалары жазылмады. Бұдан басқа түркі тектес халықтардың РФ-да автономды обылыстары мен райондары бар.

Бұдан бөлек тәуелсіз алты мемлекет бар. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Әзербайжан, Түркия 

 Марат Қайратұлы

Татарстан, қазақтар, Башқұрстан, Саха, Түркі халықтары, РФ, Ресей федерациясы, ресейдегі түркілер, това, черкесия, якутия, қырғыздар
Марат ЕржігітовМарат Ержігітов
8 жыл бұрын 5748
0 пікір
Блог туралы