ЖӘННӘТТӘ АДАМ ҒЫЛЫММЕН АЙНАЛЫСАМА?
ЖӘННӘТТӘ АДАМ ҒЫЛЫММЕН АЙНАЛЫСАМА?

XVIII ғасырда өмір сүрген екі өркениет өкілі, ашулары уә бүгінкі нәтижесі. Адам ақылында кім жәннәтқа лайық?

Хәзіреті Джейміс Уот ең алғаш поршеньдік қозғалтқыштың негізін салды. Бүгінкі көліктер соның жетілген түрі.

Абдул Уаһаб мұсылман әлемінде 5 ші мазһабты ойлап тапты. Мақсұм инсанларын қанын төгуде
_______________________________

Бүгінкі мұсылманлардың "ғылымға ғашық" болмауының сұбстанциясы

Жәннәт уә жаһәнәм. Һәммә ғаламда жәннәтті арзу етмейтін адам жоқ. Неге?
Шүңкі бұ дүнияда машахаты көп, тиым салынған әммә рахаттың бәрі бейісте ұлықсат. Астынан бұлақтар ағатын жасыл дивандар, хош иісті жеміс-жидеклер, сарқылмайтын шаһуат уә сұлу хор қыздары һәм бәйбішең. Анау харам, мынау зінә, бұны істе, шұны істеме дейтін тиымдар жоқ. Ауырмайсың, еңбек етмейсің, қартаймайсың, Қысқасы фәниде жек көрген нәпсіңмен дос боласың. Рахаттанасың.

Бұл кезде дозақтағылар тек азапталып жатады. Өзге шаруамен айналысуға мұрсаты жоқ.
________________________________
Бейісте сен шалқып жүріп жаһанамда "қанді ірің ішіп тікенек жеп" азапталып жатқан анаң я бауырыңа
"Сендерге айтпадымба, тура жолға шақырмадымба, қасарысқан өздерің" деген сықылды сөздермен оларға алыстан айғайлап өзіңнің бейісте екеніңді зор мақтанышпен көрсетесің...
________________________________

Енді, осындай жәннәтән хабары бар бір мұсылманның бұ дұнияда есіл өмірін ғылыммен айналысып "бос өткізуі" мүмкінбе? Әлбетте жоқ. Дозақта қалқан болып, жәннәтқа кіргізетін илләһи құлшылықпен айналысқаны мақбұл емеспе...

Құлшылық уә Ғылым

Шаһкәрім айтқан кейісте қалатын молдалар ғылымды "дүниәуи уә илләһи" деп бөліп қойды. Асылы проблем осы жерде. Мұсылманлар "Дүние ісімен жаратылғандар айналыссын, біз илләһи іліммен айналысамыз" деп бас қатыратұғын ғылымды үміт қылмай "иллаһи" ілімге ден қойды.

Жер беті үлкен АУҒАНЫСТАН
________________________________
Енді, діни догмаға тойып алған бүгінкі мұсылманлар ғылыммен айналысудың орынына өзара мазһаби жауласуда.

Мұсылманлардың илләһи ғазауаты, заман ақыр туралы апатиясы, хор қыздары туралы хикайесі, өзгелерді кәпір деп айыптауы, инсаниятқа қандай файда әкелді? хаятын, ғұрпын уә тіршілігін жеңілдеттіме? Өкінішті...

Ама біз бірінші екенімізді дәлелдейтұғын, олардың жаңа "Ашуларын" мойындамайтын бір ауыз керемет нақыл сөзіміз бар
"БҰЛ ҚҰРАНДА 14 ҒАСЫР БҰРЫН ЖАЗЫЛЫП ҚОЙҒАН"

Құдайдың кереметі. Әгәр әлемде барлық адам бүгінкі мұсылман кейпінде болғанда, 21 ғасырды елестетіп көрудің өзі күлкілі. Бәлкім, жер беті үлкен Ауғаныстанға айналар ма еді?!

Марат ЕржігітовМарат Ержігітов
4 жыл бұрын 3716
0 пікір
Блог туралы