«Кімде-кім Аллаһтың кітабынан бір әріп оқыса бір сауап, ал бір сауап он сауапқа тең. Әлиф-Ләм-Мим (Бақара сүресінің басы) бір әріп деп айтпаймын, әлиф бір әріп, ләм бір әріп, мим бір әріп» (Тирмиз. Абдуллаһ ибн Масғуд риуаят етеді). Ал қасиетті Рамазан айында ізгі амалдардың сауабы тіпті еселене түседі.
Құран кәрім Алла тағаланың әмірімен Жәбірейіл періште (ғ.с.) (610 ж) пайғамбарымызға (сғс)(40жасында) келіп сүрелер мен аяттарды оқып беруі арқылы жазылды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әр оқылған сөздерді есіне сақтап қалып, Жәбірейіл періште (ғ.с.) кеткеннен кейін сахабаларына оқып беретін және жазғызып қоятын. Осылай 23 жыл Алла тарапынан Жәбірейіл періште арқылы пайғамбарымызға бөлек-бөлек болып уақи келіп отырды. Негізінде қасиетті кітап Құран кәрімде адам баласына осы дүниеде және ақыретте қажетті сөздер мен амалдар жазылған. Мысалы: пайғамбарлар қиссалары, әртүрлі уағыз-насихаттар, дұға және ғибадатқа қажет сөздер, т.б қамтылған. Құран араб тілінде түскен. Егер араб тілін жақсы меңгерген және тәпсір ілімін терең оқыған болса Құрандағы әрбір сөзді түсінуіне болады.
ҚҰРАНДА 114 СҮРЕ, 6226 АЯТ, 77 439 СӨЗ, 325 743 ӘРІП БАР.
Дұрыс түсінулеріңізді сұраймын. Құранды оқыған адамды Алла құр алақан қалдырмайтыны рас. Алла қаласа Құранның бір әріпі үшін жүз, мың тіпті млн сауапта бере алады. Бұдан Алланың сауабы таусылмайды да кемімейді. Алла аса жарылқаушы әрі мейірімді. Бәлкім адам қылған құлшылығы мен оқыған құраны үшін емес Алланың мейірімі түссе жәннәтқа кіреді. Сондықтан жасаған әрбір құлшылығымыз бен ізгі амалымызды тек Алланың разылығы үшін, тек оның мәрхәметі үшін жасағанымыз дұрыс болмақ. Анығын Алла білуші.