Жәһаннамға әркім өз отын өзі арқалап кіреді
Жәһаннамға әркім өз отын өзі арқалап кіреді

Халифа Харун Рашид дәуірінде өмір сүрген Бейхүл дана заманының даңқты ғұламасы.  Оның даналығы шексіз, түрлі кейіпке еніп айтқан әңгімесінде терең мағына жатады. Ол, балаларға ойын қуыршағы, үлкендерге сайқымазақ, білімділер үшін ғұлама, ал Харун Рашидке келсе мүршид дәрежесінде бағаланыпты.  

Ол мазарлықта ұйықтайды. Себебін сұрағандарға «өлілер қауіпсіз, зияны келмес, асылы қорқатындар тірілер, тірі адам өлілердің жанында қуатты» деп жауап беретін көрінеді. Сұрағынан ғибратлы жауап алатын Харун Рашид мүмкіндігі болған жерде Бейхүл данаға сұрақ қоюуға тырысады екен. 

Кезекті бір күні,  Алланы еске алып, іштей зікір етіп келе жатқан Харун Рашид бойында алыс сапардың табы бар Бейхүл дананың алдынан шығады. Үсті басы шаң топырақ жұпыны күйге түскен Бейхүл данаға таңғала қараған  Харун еріксіз сұрақ қояды.

- Саған не болды? Қайдан келесің?

- Жәһаннамнан келемін, ей, Хүкімдарым!

Алғашында бұл жауапқа таңғалған Харун, бойын тез жиып алып артынан:

- Иә, не шаруамен бардың?

- От керек болды да, от әкелуге бардым.

- Керек отыңды әкелдіңбе енді.

- Жоқ! Әкелмедім. Жәһәнамның күзетшілерімен жолықтым. Олар маған: "Сен іздеген от бұл жақта жоқ! Бұл жаққа әркім өз отын өзі жалған дүниеден арқалап келеді", - деп айтты - дейді.

Мұндай жауапты күтпеген Халифа Харун біраз үнсіз қаладыда, артынан ей Хақ, дұрыс айттың деп күбірлейді.

Шынында солай емес пе. Жалған дүниеде жасаған әрбір күнәміз жаҺанамда алаулаған отқа айналары рас. Алла күнәмізді кешіріп, шапағатына бөленуді нәсіп етсін!

МАРАТ ҚАЙРАТҰЛЫ

ад, тозақ, жұмақ, жаһанам, жәһәнам
Марат ЕржігітовМарат Ержігітов
8 лет назад 20186
0 комментариев
О блоге
Прямой эфир