ХӘЗІРЕТІ КАЛВИН ҺӘМ МҰСЫЛМАННЫҢ ЕНЖАР ЭТИКАСЫ
ХӘЗІРЕТІ КАЛВИН ҺӘМ МҰСЫЛМАННЫҢ ЕНЖАР ЭТИКАСЫ


Кедей байдан 500 жыл бұрын жаннатқа кіреді (хадис)

Қыстың бір күні. Мұсылман өлкесі падишахларының бірі өзі туралы халық не ойлайды екен деп киімін ауыстырып сыртқа шығады. Аязда суыққа шамданып отырған екі қайыршының қасына келіп әңгімесіне құлақ түріпті. Қайыршының бірі екіншісіне
-Ертең жәннәтқа барғанда падишахпен көрші болмаймын.
-Неге
-Күн суықта мен азапталып отырамын, ол жылы сарайда рахат отырады. Бұлай болмайды. Ертең жәннәттә қасыма келсе аяқ киімімді шешіп, басынан ұрамын дейді. Екеуі ду күліседі. Мұны естіген падишах екеуін сарайға алдырады. Хұрмет көрсетеді. Һәм Жәннәттә көрші болуға қарсы болмауын сұрайды.

Осы сарындағы өнегелер әліде болса ортамызда өтімді. Неге? Табиғатымызға жақын, сондықтан ислам дінінің осы қырын ұстаймыз. Әйтпесе дінде кемшілік жоқ. Кінә біздің баста. Өзінің сәтсіздігі үшін біреу жауапты болуға дағдыланған қоғам қандай болуы мүмкін?!
_____________________________________________
Жоғарыда келтірілген хадис жүдә кең тараған. Иснәдін, амали хәрекеті уә Ханафи көзқарасы бұған қандай екенін білмеймін.
_____________________________________________

КАПИТАЛИСТІК РУХ НЕГЕ БАТЫСТАН БАСТАЛДЫ?

Ол жақтада орта ғасырда қолдан жасалған  католиктік керім әулиелер жүдә көп болды. Қоғам біраз надандықта қалды.  Қайта өрлеу дәуірінде Құдайға жаңа көзқарастар пайда болды. Шіркеу жарлығы мен Әулие Әкейдің аузын аңдып отқаннан гөрі өнімді іспен айналысуды орта ойлай бастады. Ал, хазіреті Калвиннің көзқарасы тіптен жандандырып жіберді. Әрбір адам өзі үшін құтқарылуға ұмтылды.  Иләһи инанышында табысты болу, жетістікке жету Құдай разылығын алатын құлшылық ретінде қалыптасты. Батыстың оянуына себеп болғанда осы түсінік асылы. Олар Құдай рақымына ие болғандықтарын өзгеге дәлелдеу үшін өз кәсібінің шыңына жетуге тырысты, еңбектене берді. (Біздегі түсінік Құдайдың назары түскен адам суды теріс ағызадығой әлі).Және артық сән-салтанатқа уақыт пен қаржы жұмсамады. Бұл сараңдық емес, сенімінде "жұмыс істеу мен ақша үнемдеуді" Құдайға деген адалдықтың бір түрі деп есептеді. Байлыққа ие болғандар шалқып өмір сүруден бас тартып қаржысын тиімді жұмсауды құлшылық деп көреді. Кәсіп ашады, инвестор болады. Ал қайырымдылық мәселесінде  қайыршыларды "құтқарылмаған адамдар" деп санады. Сондықтан олар Тәңірден тиісті жазасын алуда деп, аяушылық танытпады. Себебі түсінікті, қайыршылар еңбек етпей, уақытын бос өткізіп Құдай ұнатпайтын іспен айналысуда. Мархабат.

 

ЕРЖІГІТОВ МАРАТ

Марат ЕржігітовМарат Ержігітов
3 года назад 2370
0 комментариев
О блоге