Алла бәрін көріп тұрса маған пайда не қажет.
Алла бәрін көріп тұрса маған пайда не қажет.

 

Қыс күні еді. Күн суық. Аяздан адам бойындағы аққан қаны қатып қалатындай суық.  Осындай суықта Мәжусидің бірі ия суықтан, суықтан болмаса аштықтан өлім аузында жатқан көгершіндерге жем беріп жүр. Көгершіндерде анасына қауышқан баладай Мәжусидің қасында қанаттарын пыр-пыр қағып үйіріліп қалған.

Мәжусидің бұл ісін алыстан аңғарған Хазіреті Бағдади Алланы зікір еткен хәлде, оған досша жақындай келіп

- Сенің мына жасаған ісің  Алланың мәрхәмәті, хайырлы іс! Бірақ бұл амалың Алла алдында қабыл болуы үшін алғашқы шарт Иман келтіру!  Иман етпей істеген әрбір қайырлы ісің Алла алдында қабыл болмайды, ешбір сауапты іске жарамайды, сені жәһәнәм отынан қорғай алмайды. Себебі Алла алдында дін Ислам діні! - дейді.

Мәжуси бұл сөзден кейін махсұм бір хәлінде бойын бүгіп,

- Менде білем бұл ісімнің ешбір пайдасы жоқ! Бірақ бұл ісімнен Алла хабарсызба?, Мені көрмейдіме?, Бұл хәлімді білмейдіме? - деп сұрақ қояды.

Хәзіреті Жүнейди Бағдади

-Әлбетте көреді де біледі!  Алла бәрін көруші, білуші Аллада кемшілік жоқ! - дей бергенінде

Мәжуси

-Онда маған пайда не қажет, оның мені көріп білгені маған жетеді! -деп теріс бұрылып құстарға жем беруін жалғастыра берді.

Арада неше қыс, неше жаз өтті. Бір қажылық маусымында Хазіреті Жүнейди Бағдади тәуәп етіп Байтуллаға (Қағба) келгенде екі қолын көкке созып, ағыл-тегіл құлшылық ішінде отырған адамды көзі шалады. Қасына жақындап келіп жүзіне қараса сонау бір қыс күні көгершіндерге жем шашқан Мәжуси екенін көреді. Екеуіде бірін бірі таныды. Мәжуси орнынан тұрып Хазіреті Бағдадиді қапсыра құшақтап амандық сұрасады да, жақындай келіп «Міне маған Алла иман берді, қағбаға әкелді бұдан басқа қандай үлкен сый болуы мүмкін»  деп сыбырлап, тілін кәлима шаһадатқа келтіріп Алла рахметіне қауышыпты.

PS: Ахретте 5 парыздан сұралатынымыз ол рас. Бірақ жасаған құлшылығымызға күнделікті іс-әрекетіміз сайма? Бес парызды жүрекпен емес денемен орындасақ (сақал қойып, балақ қысқартып, намаз оқымаған ата-анамыз бауырларымызды кәпір санап, қыздарымызға ниқап кигізіп, оп-оңай талақ бере салу секілді мұсылманға жат қылықты арқалап жүрсек) оның сауабы болмай мұнафықтан айырмамыз жоқ болады. Тілінде Алла қолында қаруы бар адам қалай Алланың разылығына ие болуы мүмкін.  Біз бір бірімізді мен мұсылманмын сен кәпірсің деп бөліп жару арқылы Алла рахмына бөленбейміз. Намаз оқымады екен деп ата анамыздың алдындағы парызымызды өтемей қарсы шықсақ нағыз күнәһәр біз боламыз. Ата-анамызға жанымыз ашып жұмақтық болуын қаласақ перзенттерінің ізгі ісі арқылы жаннатқа жетелей алатынымызды есте ұстағанымыз жөн! 

Марат Қайратұлы

Марат ЕржігітовМарат Ержігітов
8 лет назад 7718
0 комментариев
О блоге