Әуелі латын әліпбиі туралы түсінік беріп өтейік. Қайдан шықты? Тарихқа үңілсек бзб VII ғасырда (Орхон жазуы пайда болмай тұрып)Рим империясы тұсында 20 әріптен құралған грек-этрус (қазіргі Италия жерінде өмір сүрген халық) дыбыстарын белгілейтін таңбалар пайда болып, заманымыздың I ғасырында (Исаның пайғамбарлық уақытында) қолданыла бастады. Эвалюция талабына сай түрлі халыққа таралуына байланысты орта ғасырларда (VIII-XV ғасыр) әріптер саны толықтырылып, Қайта өркендеу дәуірінде (XIV-XVII) бүгінгі 25 (26) қаріптен тұратын латын әліпбиі толық қалыптасып бітті.
Әрі қарай IX ғасыр кирил әріпінің алғашқы пайда бола бастаған кезеңі, (XI ғасыр Рим шіркеуінің екіге бөлінуімен бұл әріптер славян халықтарының арасында кеңінен тарады) шығыс шіркеуі (Православие) ғұрыпын славян тілінде жүргізуі мақсатында киелі діни кітаптарды грек тілінен тәржімалап жазып шығуы үшін жаңа әріптер Византия императорының тапсырмасымен грек алфавитін негізге ала отырып Кирил мен Мефодий тарапынан ойлап шығарылды. Бұл әріптер славяндардың арасына кеңінен тарап этникалық ерекшеліктеріне сай икемделіп отырды. Бүгінгі Орыс алфавиті (1918 жылы бекітіліп 1942 жылы қабылданды) Кирил әріптерінің орыс ұлтына арналған бірғана нұсқасы екенін есте ұстағанымыз жөн, және дыбысталуы мен таңбалануында негізгі Кирил әліпбиінен ерекшеліктері бар.
Дәл қазіргі кезде біз қолданып жүрген қазақ әріптері Орыс әліпбиінің негізінде жасалған. (тарихқа үңіліп деректерді жазғам жоқ, оны сіздерде біліп отырған шағарсыздар)
Ендігі мәселе Елбасының латын қаріпіне көшуі туралы керемет идеяны жүзеге асыру барысында ұсынылған латын әліпбиінің бірнеше нұсқасы қоғамға ұсынылып, талқыға түсіп жатыр. (Қаріп ауыстыру деген оңай әрі, қателессек басқасына ауыстыра салатын жеңіл нәрсе емес) Асықпай саралап, тіл білімі мен жаһандық құбылысты зерделей отырып қабылдағанымыз жөн. Қай нұсқасын таңдаймыз? 1929 жылы түркі жұрты (Түркия емес түркі жұрты оның ішінде бізде бармыз) қабылдаған латын нұсқасы ма (қазіргі Түркия, Әзірбайжан ,Түркімения өз араларында тілдік ерекшеліктеріне байланысты таңбалық ерекшеліктері бар) әлде Өзбекстан секілді өзіміз құрап шығамызба?
Егер( латын әріпінің түркілік нұсқасын) үтірлі, нүктелі әріптері бар әліпбиді қабыл етсек біздің тілдік дыбысталуымызға сай Ә,Ұ,Ү, І, Қ, Ғ, Ң және т.б әріптердің баламасы ретінде жаңа әріптерді кез келген ақпараттық техника құралдарына енгізуге мәжбүр боламыз. Уақыт және қаржылық жағынан бұл бізге тиімсіз келеді.
Дұрысы латын әріпіндегі 26 әріптен қазақ тіліндегі барлық дыбыстарды шығарғанымыз әлдеқайда тиімді болмақ.
Қазақ тіліне тән 30 таңба белгіленді және дыбысталды. («Һ» әріпінің өте аз қолданылуына орай алынып тасталды) |
|||
A - А (а) A`- Ә (ә) B - Б (бы) C - Ж (жы) D - Д (ды) E - Е (е) F - Ф (фы) G - Г (гы) |
H - Ғ (ғы) I - І (і) J - Й (и) K - К (кі) L - Л (лы) M - М (мы) N - Н (ны) N` - Ң (ың) |
O - О (о) O` - Ө (ө) P - П (пы) Q - Қ (қы) R - Р (ры) S - С (сы) Sh - Ш (шы) T - Т (ты) |
U - Ұ (ұ) V - Ү (ү) W - У (у) X – Х (хы) Ү - Ы (ы) Z - З (зы) |
Алынып тасталған әріптер |
|||
Һ, Ц, В, Е-Ио, Ю, Я, И, Э, Щ, Ч, Ь, Ъ |
Көрсетілген латын әріптері кез келген жазба құралдарында, техникалық құралдарда, және тағы басқа ақпараттандырылатын барлық жабдықтарда енгізілгені белгілі.
Бірақ ұсынылып отырған жаңа жобада V (В) әріпі латын әліпбиіне сай дыбысталмай қазақ тілінде Ү болып дыбысталды. Бұдан шошынудың қажеті жоқ. Мұндай әріптер латын әріпін қолданатын көп тілдерде жиі кездеседі. Мысалы қытайларға тән Пин Ин нұсқасы бойынша латынның Х (икс) әріпі жіңішке Ш, Q (кью) әріпі Ч болып дыбысталса испан, португаль тілдерінде J (иот, жэ) әріпі Х болып дыбысталып жатады.
Сондайақ үш әріп тілдік ерекшелігімізге сай енгізілді. Бұлар A`- Ә (ә), N` - Ң (ың), O` - Ө (ө) әріптері. қалған әріптер халықаралық нормаға (жақын) сай дыбысталады.
Бұл әріптерді қолданысқа енгізсек кез келген жерде, кез келген құралмен қазақ тілінде еркін жазып, өзге ұлттарға оңай үйрете алар едік.
Марат Қайратұлы