ЕЛДЕГІ ДЕСТРУКТИВТІ СОЦИАЛ ПРОТЕСТ НЕМЕСЕ ТЕРРОРИЗМ СҰБСТАНЦИЯСЫ
ЕЛДЕГІ ДЕСТРУКТИВТІ СОЦИАЛ ПРОТЕСТ НЕМЕСЕ ТЕРРОРИЗМ СҰБСТАНЦИЯСЫ

Бейресми терролог ретінде Қазақстандағы террактілерді қарап отырып мына бір мәселелерге көз жеткіздім. Күні бүгінге дейін еліміздің 5 өңірінде 18 терракті мағұлым болыпты.

Жағырапиялық аймақтарға бөліп қарағанда
11 терракт қазақтар басым тұратын еліміздің батыс бөлігінде (Ақтөбе, Атырау)
6 терракт оңтүстік өңірде. Әлбетте бұл өңірлердеде қазақтар басым (Алматы, Тараз)
Және 1 терракт Елордада орын алған екен.
Аталған өңірлерде қазақтар басым болғандықтан сәйкесінше мұсылмандарда көп болып есептеледі.Бірақ бұл жерде діни сенімінен гөрі этникалық ерекшелік аса маңызды.

Байқағанымыздай өзге ұлттар мен орыс тілді жұрты басым өңірлерде (Солтүстік, Шығыс, Орталық) ешбір терракт орын алмаған. Кезінде (әлі күнге дейін өзектілігін жоймаған) ДРТ ның идеологиялық ошағының бірі болып есептелетін орталық Қазақстанда (Қарағанды Сәтпаев) бірде бір террорлық әрекет тіркелмепті (бәлкім ізденісім жетпеген шығар) Неге?
Себебі қазақ тілді һәм қазақ рухы басым өңірлердегі азаматтар өздерін "осы жердің қожайыны" екенін жақсы түсінеді. Қожайындық түсініктеріне сай олардың әлеуметтік жағдайы жақсы болуын, саяси салмағының болуын, биліктің өздерімен санасқандарын қалайтын тәрізді. Ал орыс тілді һәм өзге ұлттар басым аймақта мұндай қожайындық түсінік жоқ.

Енді террорлық әрекеттер орын алған аймақтардағы әлеуметтік жағдайға көз жүгіртсек терракт жасаған азаматтардың көпшілігінің жағдайы орта һәм ортадан төмен екенін көруге болады. Бұл жағдайы төмен отбасының мүшелері террактіге бейім болады дегенді меңзегенім емес. Мендегі көзқарас әлеуметтік жағдайы төмен қазақ азаматтарының билікке, биліктің жұртына деген тиімсіз саясатына, бәлкім қазақ тілінің мүшкіл хәлі яда елдегі жемқорлық пен жұқмыссыздық, көке жәкелік секілді түйіткілді мәселелері психологиялық тығырыққа тірелгенінің көрінісі секілді. Тығырықтан шығудың яда наразылық сипатының көрінісі ретінде терракт жасауы осы бір проблемаларға ымырасыз жауабы деп түсіндім. Неге?
Себебі аталған террактілердің таңдау объектісінің көбі тек мемлекеттік Құқық қорғау органдарына бағытталған. (Қарапайым жұрттың көзқарасы бойынша Құқық қорғау органдарының азаматтары әділетсіз, парақор деп есептейді. Жеке әлеуметтік сұрағымның қорытындысы осыны көрсетті) Егер қандайда бір дін аралық жек көрушілік, кәпірлерге деген қасастық болғанда олардың объектісі қарапайым халықтыда (мәселен базар маңын, оқу орындарын) қамтуы керек еді. Мұндай деректерді мен кездестірмедім (ізденісім жетпеген болар бәлкім) Террологияда бұл мәселелерді бөліп қарастырып жатады. Латын америкалық, Қауқаздық, Чечниялық деген секілді. Ама біздің елімізде болып жатқан террактілердің артында қандайда бір күштің тұрғаны байқалмайды.

Десекте елімізде болып жатқан террактінің барлығы дерлік "діни идеологиялық мәселелерден туған жоқ" дегенім емес, діни идеологиялық шаблондар азаматтарымыздың билік тарапынан қанағаттандырылмаған мәселелелерінің қозғаушы күшіне айналғанын көрінісі деп ойладым. (әліде іздену керек)

ислам, дін, Ислам діні, терроризм, экстремизм, қазақстандағы діндер, ақтөбедегі терракт, атыраудағы терракт, астанадағы терракт, алматыдағы терракт
Марат ЕржігітовМарат Ержігітов
5 жыл бұрын 3738
0 пікір
Блог туралы