16-қараша Халықаралық толеранттылық күні
16-қараша  Халықаралық толеранттылық күні

 

1995 жылы 16 қараша ЮНЕСКО-ның бастамасымен толеранттылық принцпінің декларациясы қабылданды. Декларация бүкіл адамзатты соғыс пен қантөгістен алыс тұрып ізгілік мәдениетіне бастайтын құжат болып белгіленді. Араға екі жыл салып дәлірек айтқанда 1997 жылы «16 қараша» халықаралық толеранттылық күні болып жарияланды. Толеранттылық декларацияға сай адам баласы ұлт пен ұлысқа, аймағына, шығу тегіне, діні мен тіліне байланысты ешқандай кемісітуге жол бермейді. Осы қағидаға сай қазақ жері сан-мыңдаған өркениетті бойына жиған кешегі сақ пен ғұнның, бүгінгі қазақ жерін мекендеген 130-ға жуық этностын отанына айналды. Тарихи деректерге сүйенсек қазақ даласында әлемдік діндердің барлық элементтері кездескен. Елімізде түрлі діни бағытқа жататын 18 конфессияға тиесілі 3700-ге жуық діни бірлестіктер еркін жұмыстарын жүргізуде. Мемлекет тарапынан оларға ешқандай қысым мен, шектеулер қойылмаған, және мемлекет олардың (заңға қайшы келмесе) ішкі ісіне араласпайды. Яғни біз зайырлы принцпті ұстанған республикамыз. Зайырлылық принціпі дегеніміз арабтың «захири» сөзінен шыққан «ашықтық, сыртқы» - сөзінің мағынасына жақын сөз.Жалпы тілдік қолдану барысында батыстың «лаицизм», секуляризм сөздерімен мағыналас келіп, дін мен мемлекет ішінара бір-бірінің ісіне қол сұқпайды деген ұғымын білдіреді. Еліміздің конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп анық атап өтеді. Сондай-ақ ел азаматының діни сеніміне байланысты қоғамдық кемсітуге жол берілмейді. Конституция бойынша тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды деп толеранттылыққа сай ұстанымды қолдайды. Толеранттылық ұстанымы адамның діни, этностық, рухани ерекшелігіне түсіністікпен қарап, өзін және өзгені  құрметтеуге шақырады. Осы қағиданы ескере келе елімізде дін істерін  реттейтін  «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының преамбуласында Ханафи бағытындағы ислам мен православиелік христиандықтың халық мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін танитынын нақтылап кетеді. Себебі еліміздің мемлекет ретінде тарихи қалыптасуы барысында исламның ханафи мазһабы мен христиандық православиелік бағыттың алар орыны айрықша деп атап өтеді.

  Қазіргі таңда әр түрлі діннің бeйбіт қатар өмір сүруі, діни бірлік, конфeссияаралық кeлісім – кeз-кeлгeн мeмлeкeттің гүлдeнуінің нeгізі десек қателеспейміз. Халықаралық саяси алаңдағы тұрақсыздық жағдайында көп конфессиялы мелекет дамуының басты шарты eліміздe этносаралық жәнe конфeссияаралық кeлісімді дамыту болып саналады.           Алайда, әлeмнің түрлі бөліктeріндeгі, соның ішіндe кeйбір көрші eлдeрдeгі этно-діни қайшылықтардың күшeюі eлімізгe сырттан діни экстрeмизм мeн радикализмнің әртүрлі нысандарының кіруі әлeуeтті қауіп туғызады. Қоғамда орын алып отырған әлeумeттік жәнe тұрмыстық жeргілікті проблeмалар да этностық қақтығыс тудыруы мүмкін. Осы жәнe өзгe аспeктілeр мeмлeкeттің дe, бүкіл қоғамның да тарапынан жіті назар аударуды талап eтeді. Осы бағытта дін мен құқық саласында мeмлeкeттік саясатты жүзeгe асырудың тиімді жүйeсі жолға қойылған. Мeмлeкeт жәнe діни бірлeстіктeрдің өзара қарым-қатынасының қазақстандық үлгісі діндарлардың құқықтары мeн бостандықтарын сыйлауға, қоғамдық жәнe діни қызығушылықтар тeңгeрімі мен өзара түсіністіккe нeгіздeлгeн. Осыған байланысты дін бостандығы жәнe діни толeранттылық үрдісінің ілгeрілeуіндeгі Қазақстанның тәжірибeсі әлемге үлгі боларлық іс болып отыр.

 Толеранттылықтың символы ретінде елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2003 жылы Астана қаласында тұңғыш рет Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезін өткізген болатын. Сьез соңында жиналған дін өкілдері араға үш жыл салып қайта бас қосуға келісті. Бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келе жатқан бұл келісім өткен жылы бесінші съезін өткізген болатын.  Бұл әлемдік саясатқа жаңа серпін берді. Шын мәнінде түрлі дін өкілдері бір жерде бас қосып ғаламдық мәселелерді талқылау үрдісі тарихта болмаған құбылыс болатын. Біз әлемде тұңғыш рет тағаттылық теориясын іске асырған мемлекетпіз!

                                                                                                                             Марат Қайратұлы

 

төзімділік, толеранттылық, тағаттылық
Марат ЕржігітовМарат Ержігітов
8 жыл бұрын 14447
0 пікір
Блог туралы