Уаһабилердің көсемі Ибн Баздың Әхли Сунна уәл Жамағаға қарсы пікірлері
Уаһабилердің көсемі Ибн Баздың Әхли Сунна уәл Жамағаға қарсы пікірлері

 Толық аты жөні Абдулазиз ибн Абдуллах ибн Абдуррахман ибн Баз 1912 жылдың соңында дүниеге келген. 1927 жылы көз жанары нашарлап 1931 жылы толық көрмей қалған. Ол уаһабилердің арасында «Ұлы Шейх» деп ұлықталған Абдул Уаһабтың ұрпақтарынан тәлім алған. Ислам әдебі бойынша Пайғамбарымыз с.а.у құрметіне олардың отбасы мен ұрпақтары «Әл» атауымен бірге аталады. Уаһабилерде осыған ұқсатып Ибн Абдул Уаһабтың отбасы мен ұрпақтарына «Әл Шейх» деп құрмет көрсетеді. Ибн Баз осындай «Әл Шейх» деп мадақтталған уаһабилердің құрметті ғұламаларынан білім алған.

 Ибн Баз 1938-1952 жылдары Қазы лауазымын атқарған,  1952-1960 жыл аралығында Эр-Рияд қаласында жоғары лауазымды қызметте,  1961-1970 жылдары Мадина Ислам Университетінде  проректор, 1970-1975 жылы ректор, 1975 жылдан бастап өмір соңына дейін Сауд Арабиясының муфтилігінде қызмет еткен. 1999 жылы дүниеден өткен.

Естеріңізге сала кететін бір жайт исламның төрт мазһабының барлығыда бір ауыздан келіскен пікірі бойынша көзі көрмейтін адамның қазылық, муфтилік, имамдық қызметін атқаруы мәкруһ болып саналады.

Ибн Баздың 20-дан артық ірі еңбектері бар. Еңбектері бірнеше жыл бойы баспадан басылып келеді. Әсіресе ақидаға қатысты көзқарастары өзінің көзі тірісінде 5-том болып баспадан шығарылған. Аталған еңбегінде оның дәстүрлі ислам ақидасы мен ислам құқықына жасаған ижмағы ахли сунна уәл жамағаға  қарсы келетін пікірлері мен көзарастары көптеп кездеседі. Соны назарларыңызға ұсынамыз.

 

Абдулазиз ибн Абдуллах ибн Абдуррахман ибн Баз

«МАЖМУЪ ФӘТӘУӘ УӘ МАҚӘЛӘТ МУТАНӘУУИЪА. АТ ТАУХИД УӘ МӘ ЯЛХАҚУ БИХИ»

5 том. Эр-Рияд.

Мактабат әл мағриф.

1992ж

 

1)     Уаһабилердің құрметті ұстазы Мұхаммед ибн Абдул Уаһабты мақтап  рисала (трактат) жазады (1 том, 358-377 бет) Бұл рисалада оны сынап-даттаған ахли сунна ғалымдарын бидғатшыға шығарып терістеген.

2)     Тұмар тағу ширк. Тұмарда Құран кәрімнің аяттары мен  жалпылай  құраннан алынған дұғалар болсада тағу жайз емес деген. (1 том, 51 бет; 2 том 383-384 бет) Негізінде аят-карималар мен шариғи дұғалар жазылған тұмарларды тағу жайз

3)     Иқамат әл Барохин рисаласында (трактат) Пайғамбарымыз с.а.у-ға « Уа Рассулалла»  деп айту ширк деген. Сондай-ақ өтініш, дұға, тілек пен көмек сұраудың  (тәуәсул) барлық түрін ширк деп бағалаған. (1 том, 154-162 бет)

4)     Тарихи жәдігерлер, мәдени маңызы бар құнды заттар мен кесенелерді қорғауға алып, оларға зиярат жасауды, күтіп баптап, тарихи сабақтастықпен келешек ұрпаққа жеткізуге қарсы шығады. Бұны Париж, Лондон сияқты қалалардаға тарихи ескерткіштерді сақтайтын өзге дін өкілдеріне ұқсау деп бағалаған. (1 том, 395-414 бет, 3том, 334-340 бет)

5)     Мемлекет басшылары сондай-ақ елге танымал кісілердің өлімі, қандайда бір апаттар мен жалпы ұлттық атаулы күндерді белгілеп оған амал еткендерді шариғатқа қайшы, дін дұшпандарына ұқсау деп бағалаған. (1 том, 415-416 бет)

6)     «Мұхаммед Расуллах» фильміне қарсы шығады. Бұл фильм мұсылмандарға зиян келтіреді, Пайғамбарымыз с.а.у-ды масқаралау, сахабалардың рөлін ойнау харам деп айтып өткен.(1 том 417-421 бет)

7)     «Азан айтылғаннан соң дұға ету бидғат»  деген (1 том. 444 бет)

8)     «Я Расуллалах!» деп шумақ (өлең) арнаудың барлық түрі харам, бұл үлен серік қосу деген (2 том, 108-109 бет) «Я Расуллалах!» деп  дұға ету харам және ширк деген. (2 том, 388-389 бет)

9)     Құран аяттарын жазып, бұл аяттар хайырлы және береке әкеледі, сауданы жүргізеді деп сенгендерді бидғат деп бағалаған. (2 том, 136 бет) Жалпы Уаһабилер берекелі болудың, сауда ісінің жүруін, байлығын көбейтуін, кедейліктен сақтану сияқты ниетте құран немесе дұға оқуды ширк деп атайды. Алайда аят мен дұғаларды мұндай нәрселерде оқу үмметің иджмасы  ширк санамайды.

10)Мемлекеттің конституциясын, заңдарын оқып үйрену харам, Оны үйренушініңде үйретушінің де артында тұрып намаз оқылмайды деп үкім шығарған. (2 том, 325-331 бет)

11)Төрт мазһабтың біреуімен жүру уәжіп емес деп мазһабсыздықты енгізген. Муждахиттердің ішіндегі ең дарынды ғұламасы Ибн Тәймия деп мадақтаған. (3 том, 52 бет)

12)Ахли Сунна  жамағатының ішіндегі Ашғарилерді Алланың кітабы мен Пайғамбарымыздың с.а.у сүннетіне қарсы келіп адасқандар деп  мәлімдеген. Исламның ең үлкен имамдарының бірі Абул Хасан ал Ашғариді (р.а) ұлы ғалым емес, Ашғарилер сүннетке  ерушілерден емес деп үкім шығарған. (3 том, 53 бет, 73-74 бет)

13)Ашғари мен Матруди  мазһабының  муташабиқ  аяттарды түсінуде жасаған тәуилін (түсіндіруін) жоққа шығарады. (3 том 60 бет) Халяф (9-10 ғ бастап бүгінге дейінгі кезең) кезеңінде қалыптасқан тәуил жасау әдістерін терістеп, тәуил жасау жәйз емес деген. (4 том, 131-133 бет, 5 том 372-373 бет)

14)Айелдердің көлікті (машина) жүргізуі және оған мінуі харам деп бағалаған. (3 том, 351-353 бет) Әрине оның өлімінен кейін мұндай ақылға қонымсыз пәтуәні Саудиялықтар жоққа шығарып,  әйелдерге көлікке мінуге рұқсат берді.

15)Музыканың барлық түрін тыңдауға, тартуға, ойнауға болмайды, бұны харам деп бағалаған. (3 том, 391-436 бет)

16)Қол шапалақтауды еркектерге тахрими мәкрух санап, мұны кәпірлерге еліктеу деген. (4 том, 151 бет)

17)Мұсылман мемлекетінен басқа мемлекеттерге баруды, ол жерлерде қалып қоюуды харам санаған. (4 том, 192-196 бет, 5 том 390 бет) Алайда Ибн Базды ұлы муфти санап, оның пәтуәларымен жүруді уәжіп деп білетін уаһабилер, Америка, Аңглия, Норвегия, Чехия, Швеция секілді мемлекеттерден бірнеше баспананың иесі не айналғанын қалай түсінуге болады?

18)Суретке түсуге, үйде естелік ретінде іліп қоюуға және осы секілді нәрселердің барлық түрін харамға шығарған. (4 том, 210-225 бет)

19)Мәуліт мерекесін бидғат, тіпті харамға шығарған.(1 том, 183 бет) Мәулітті тойлағандарды яһуди мен насараларға ұқсау деген. (1 том 185 бет) Пайғамбарымыз с.а.у  мәулітін өткізу, және ұлы ғалымдардың туылған күнін, юбилейін өткізуді бидғат, харамға шығарған.(4 том, 280-289 бет) Мәулітті барынша қаралаған. (5 том, 56, 176-177 бет) Негізінде Ибн Баздың өзі Уаһабилердің негізін салған Абдул Уаһабтың мәулітін (туылған күнін)  өткізуді жөн санаған, және өткізіп тұрған, ал өзі өмірден өткеннен кейін оның артынан ерушілер бүгінгі күнде оның (Ибн Баздың) мәулітін өткізіп келеді.

20)Пайғамбарымыздың құрметіне тәуәсул қылуды бидғат деп бағалаған. (4 том, 315-319 бет. 5 том 322-323 бет) Шын мәнінде төрт мазһаб иелері бұл мәселені жәйз санайды

21)Құран кәрімде мұғжиза жоқ деп санаған. (4 том, 382-383 бет) Расында Құран (аяттары) мұғжиза саналады.

22)Ислам әлемінің үлкен ғалымы Шафиғи мазһабының ұлы хадистанушыларының бірі Имам ән-Науауийдің (р.а.) «бидғат» бес түрлі болады: уәжіп, мұстахаб, мубах, харам және мәкрух» деп бөлген баяндамасына қарсы шыққан және бидғаттың барлық түрін харам, адасу деп айтқан. (5 том, 178-180 бет)

23)«Аналар күні», «әйелдер мейрамы» секілді мейрамдарды бидғат адасу деп бағалаған. (5 том, 189-192 бет)

24)Әйелдердің қабірлерді зиярат етуін харам, зиярат қылушы әйелдерге лағнет деген. (5 том, 332-335 бет)

25)Шалбардың балағын тобықтан төмен түсіру харам, және тозақы адамның ісі  деп айтып  өткен. (5 том, 380-381 бет) Әрине бұл істің ниетке байланысты екендігі анық, егер тәкәппарлық, менмендік ниетінде солай жасаған болса әхли сунна ғұламаларыда қолдамайды, (тәкәппарлық болмаса онда басқа)

26)Спирт қосылған әтірлердің қолданылуын харам деп бағалаған. (5 том, 382 бет) Әхлі сунна ғалымдары бұл мәселе төңірегінде зерттей келе спирттің ауадан жеңіл болғандықтан,  тез ұшып кететінін ескеріп құрамында спирті бар әтірлерді қолдануын жәйз деп есептейді.

27)Уаһабилердің ғұламалары Ибн Баз, Ибн әл-Усаймин және әл Жибрий шығарған «Руза пәтуәлары» еңбегінде рамазан айында ораза тұтып жүрген бірақ намаз оқи алмағандар, екі рет ораза (екі жыл оараза тұта алмаған) тұта алмағандар, сондай-ақ тек рамазан айында ғана намаз оқып ораза тұтқан адамдар кәпір болады деп пәтуә берген. Аталған кейіпте (кәпір әйел мен мұсылман еркектің, немесе керсінше) жүрген ер мен әйелдің бір бірінен ажырасқандары дұрыс деп есептеген.

 Ибн Баздың жоғарыда келтірілген пікірлері мен пәтуәлары бүгінге дейін өмір сүріп кеткен даңқты ислам ғұламалары (фақиқшы) мен заманымызда өмір сүріп жатқан мұсылман әлемі ғалымдарының пікірлеріне қарсы келеді. Бүгінгі кезде дәстүрлі ислам дінінен алшақтап қалған қоғам үшін осындай адастырушы топтар айлалы әрекеттерге көшкен тәрізді. Бүгінгі күнде ислам дінін тура түсініп әхлі сунна жамағатының қатарын толықтырғымыз келсе мұсылман әлемі мойындаған дәстүрлі төрт мазһабтың және, сол мазһаб шеңберіндегі ғұламалардың көрсеткен тура жолымен жүруіміз қажет. Біздің ата-бабамыз  және бүкіл түркі жұрты мұсылман болғалы сенім мәселесінде Имам Матрудидің иждиһатымен, амалда Әбу Ханифа мазһабымен тура жолын тауып құлшылықтан қол үзген емес.

"ОҚИМЛАРГА РАДДИЯ" кітабы

тәржімалаған

 Марат Қайратұлы

 

сәләфи, ибн баз, салафиты, Шейхуль ислам, Уаһаби
Марат ҚайратұлыМарат Қайратұлы
1 жыл бұрын 3697
0 пікір
Блог туралы