Жалған ғылымдар жайында: ПСИХОЛОГИЯ
Жалған ғылымдар жайында:  ПСИХОЛОГИЯ

Ғылым - арабтың علم илм сөзінен шыққан "ілім, білім" ұғымын білдіретін гректің logos – сөзінің синонимі. Саналы адам баласы жаратылғаннан бері ғылыммен айналысуға бейімделіп келеді. Уақыт талабына сай түрлі салаға бағытталған ғылым салалары ортаға шығып, бір-бірінен ерекшелене түсті. Кейбір ғылымдар шектеулі бір аймаққа арналса, кейбірі барша адамзаттың игілігіне жұмсалды.

Тақырыбтың негізгі бағыты шектеулі бір аймаққа арналған ғылымды жалпы адамзатқа қолдану жайында болмақ. Технология дәуірі қарыштаған бүгінгі заманда рухани тоқыраудың шыңында жүрген адам баласы психолог кеңесіне жүгінуді заңдылық деп қабылдады. Қоғамда психолог маман тұңғиыққа түскен жанның жарасын жазып, депрессиядан арашалап алатын  кеңесші ретінде қалыптасты. Шын мәнінде солайма?

Біз Психология ғылымын жоққа шығармаймыз және оған мүсіркей қарамаймыз. Мәселе психология ғылымының кейбір теориясына (қазіргі қолданысына) шүйлігіп отырмыз. Психология жантану ғылымы болып қалыптасуына Аристотельден бастап Рудольф, Эриксон, Роджерс, Фрейд және бүгінгі өкілдері Сэлигман, Пол Экман (және т.б ғалымдар) үлесін қосып келеді. Адам жанын зерттейтін бұл сала біз үлгі тұтатын Батыста кеңінен тараған. Себебі батыстықтар күйзеліске тез түсіп, оқшаулануға бейім тұрады. Негізгі себебі христиан діні еркін ойлы еуропалықтардың рухани қажеттілігін қанағаттандыра алмады. Салдарынан материалдық жағдайы толық қамтылған, дамыған елдің көшбасына шығып әлемге үлгі болып отырған бұл елдердің тұрғындары өздерін бақытсыз сезінеді. Барлық мәселе қаралып тіпті адам құқын еркіндікке жіберген қоғамда психолог кеңесіне жүгінетіндердің саны күн санап артып келеді. (Психологиялық дағдарысқа тап болған адамды құтқаратын психологтың өзі шын мәнінде бақытты ма?). Батыс қоғамында  психологтар айрықша орын алып, олардың кеңес беру бөлімдерінің саны еселей түсті.

Адам жаратылысында рухани әлсіз, әрі жаратқанға мұқтаж келеді. Адам тәні азықты қалай қажет етсе, жаны да рухани ілімді  солай қажет етеді. Рухани байланыстан жан алыстағанда адам жүрегінен тыныштық кетеді (Естеріңде болсын,  Алланы еске алумен жүректер жай табады Құран. Рағыд сүресі 28 аят). 

Психология жанның тоқырау себебін емес, одан шығудың жолын табуға тырысады. Қайнары бірақ нәрсе. Ол діннен алыстау. (құдайды ұмыту, тағдырға мойынсұнбау, шүкірлік етпеу) Неліктен психология көмегіне жүгінетін қоғамның басым бөлігін христиандар (өзін христиан санайтындар) құрап отыр? Шын мәнінде батыс қоғамы өздерін христиан санағанымен, діни құндылықтарын ұстанбайды. Бұл кез келген діннен алыстаған  (мейлі ол мұсылман, буддист, христиан болсын)  қоғамға тиесілі. Ал мұсылман елдерінде психологиялық кеңеске жүгінетіндердің көрсеткіші өте төмен, және рухани дағдарысқа ұшырайтындардың саны мардымсыз келеді. 

Енді психология заңдылығына енген негізсіз тұжырымдардың бір-екеуіне тоқталып өтсек. Психология ғылымында сәйкестігі төмен теория қатарына жататын сипаттың бірі адамды дене бітіміне байланысты темпераментке бөліп, мінезіне сипаттама беру. Мысалы пикник тобына жататын кісінің көбісі психологиялық теорияға сай жомарт, ақкөңіл тез тіл табысқыш болуы керек, бірақ пикник тобындағылардың көбі олай бола бермейді. Сол сияқты дене бітімі астеник тобына жататындардың мінезі күйбең, ашуланшақ емес, керсінше байсалды, тез тіл табысуға жақын болуы әбден мүмкін. Адам бойында мінез-құлық дене пішімімен емес, генетикалық жолмен және өмір сүру ортасында қалыптасады. Оны қалауыңызша өзгертуге болады. Мінез тұрғысында Хәкім Абай  өзінің 37-ші қара сөзінде "Адамның мінезін өзгертуге болмайды деп айтқан адамның тілін кесіп алар едім" - деп мінездің өзгеретіндігін айтып өткен. Қате тұжырымдардың келесі біреуі жүріс тұрыс пен қимыл қозғалыстағы әрекетке сай адамның ішкі көңіл күйіне анықтама беру. Мысалы қолды қусырып (айқастырып) тұрса қорғаныш күтеді, аяқты айқастырып отырса сақтанып отыр, көзін жыпылықтатса өтірік сөйлейді, басын ұстай берсе (қасыса) өзіне сенімсіз, жерге қараса айыпты  және т.б осы  секілді сәйкестігі төмен жорамалдарды ұсынады, және мұны шындыққа шығарғылары келеді. Мүмкін осы теорияны шығарған ғалымның жүргізген аудиториясында (мемлекетінде, ұлтында)  берілген мінездеме шындыққа сәйкес келуі мүмкін, бірақ басқа аудиторияда (мәселен шығыстықтарда) шындыққа сай келе бермейді. Осыдан кейін психологияның кейбір теориялар белгілі бір ортаға ғана арналғандығын көруге болады. Батыс ғалымдары ұсынған теория шығысқа, шығыс ғалымдары ұсынған теория батыс менталитетіне тура келмейді деп түсінгеніміздің өзі қате түсініктің қалыптасуынан сақтайды.

                                                                                                                                                                       Марат Қайратұлы

Марат ҚайратұлыМарат Қайратұлы
2 жыл бұрын 1668
0 пікір
Блог туралы