Харижиттердің басты белгісі рамазан айында бүлік шығару.
Харижиттердің басты белгісі рамазан айында бүлік шығару.

Харижиттер мен тәкфіршілердің рамазан айы мен қажылық уақытында содырлық әрекеттерге белсене кірісуі тарихтан белгілі. Тарихқа көз жүгірітсек қасиетті рамазан айында олар қарапайым мұсылман үмметін қоспағанда пайғамбарымыз Мұхаммед сғс-нің күйеу баласы, әрі мұсылман әлемінде төрт халифаның бірі хазіреті Али ибн Талипке тұтқиылдан шабуыл жасап, қастандықпен өлтіреді. Харижидттердің мұндай қанды оқиғалары тарих беттерінде әр дәуірде жиі қайталанып отырған.. Сондай әйгілі оқиғалардың бірі 1979 жылы кезекті қажылық уақытында ислам атын жамылған қатыгез харижиттердің Әл-Харам мешітін басып алып, тәкфіршілердің қолынан қажылыққа келген 500-ге жуық адам қаза табады.

Харижиттердің сыртқы көрінісі мұсылман болғанымен іс-әрекеті пайғамбарымыз дәуіріндегі дін дұшпандары көпқұдайшылдар мен мұнафықтарға қатты ұқсайды. Бір айырмашылығы мұнафықтар мен көпқұдайшылдар өздерін мұсылман санамайды және бұлардан келетін қауітің алдын алуға болады. Ал хариджиттер болса өздерін мұсылман санай тұра, мұсылман бауырларына қауіп төндіреді. Өздерін қолдамаған барша мұсылмандарды діннен шығарып кәпір санайды. Оларға Алла атымен түрлі жазаларды ұсынып өздері шешім шығарады. Көпшілігі пал ашуды, зина жасауды, кісі өлтіруді жақсы көреді.

Мұсылмандардың құлшылыққа берілетін қасиетті екі айында қолдарына қару алып (рамазан мен қажылық) мұсылмандар арасына бүлік тудырып жазықсыз кісі өлтіруге кіріседі. Пайғамбарымыз сғс дәуірінде мұсылмандар рамазан айында ауыз бекітіп, дүниеауи істерден бас тартып күнделікті құлшылықтарын еселей түсуге тырысса, дін дұшпандары мұнафықтар мен иман келтірмегендер ашық түрде Қағбанын айналасына шеге лақтырып, мұсылмандардың тамағына у дайындайтын еді. Бүгінгі дін дұшпандары харижиттер болса өздерін мұсылман етіп көрсетіп қолдарына қаруларын алып жасырын түрде жарылғыш заттар  дайындайды. Осыдан кейін Харижиттерді мұсылман дей аламызба? Жасырын істеген жауыздықтары тіпті күн сайын артып мұсылман үмбетінің берекесін қашыруда. Кісі өлтіруденде ауыр күнә адамдар арасына бүлік тудыру екенін білген мұсылман болса Алладан қорқып, пайғамбарымыз сғс нан үлгі алған болар еді. Бірақ олардан мұндай ізгі амалдар байқалмайды. Пайғамбарымыз сғс көрсетіп берген соғыс ережесін сақтамайды. Қарусыздарға оқ атады, қауқарсыздар мен  балаларды қойша бауыздайды.Бұлардың іс-әрекеті екінші дүние жүзілік соғыстағы нацистік германияданда асып түсті. Тірі жанға зәбір көрсетуді құп көрмейтін, тіпті жауына құрметпен қарауға шақыратын ислам дінінің құндылығы бұл топтың (ИШИМ) бойынан табылмайды.

Олардың тілмен айтқан имандары тамағынан әрі өтпей қалғанға ұқсайды. Садақтың жебесі адырнадан қалай тез шықса, оларда ислам дінінен солай тез шығып кеткендей... АллаҺу ғалам!

Алла мұсылмандарға бірлік береке беріп, жүректеріне айнымас иман берсін !

         

 Марат Қайратұлы

Ислам діні, ИГИЛ, содыр, ишим, уахабизм, салафизм, ИМ, уаһабизм, ДАЙШ, ДАИШ, ИГ, харижит, саляфит, сәләфит
Марат ҚайратұлыМарат Қайратұлы
2 жыл бұрын 1591
0 пікір
Блог туралы