Адасқан бауырыма хат
Адасқан бауырыма хат

     Aдасқан бауырым. Сөзімді ықыласыңмен оқып шық. Біз сені жек көріп қараламаймыз. Қателескеніңді  бетіңе баспаймыз. Сені өзіңнің дұрыс деп тапқан жолыңнан тайдырып адастырмаймыз. Құдай мейірімді, біз білеміз сен білместікпен адастың. Діндегі негізгі мән беретін нәрсеге емес, ұсақ-түйекке басымдылық беріп қоғамнан бөліндің. Ұлтыңның ұлттық құндылықтарын қор санап, ата-анаңа қарсы шықтың. Туған бауырларыңнан жерініп, шекара асып белгісіз жиһадқа аттандың. Қасиетті дініміз Исламда ата анаң мен туғаныңа, отаныңа қамқор болуда ерекше мән бердіғой. Бір сахаба пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): «Иә, Расулаллаһ, ең абзал амал не?», – деп сұрағанда Алла елшісі: «Шекараны, Отанды қорғау үшін бір күн, бір түн күзетте тұру, бір ай нәпіл ораза ұстап, түнде намаз оқудан қайырлы», – дегенін естімеппедің. Сен тек құран мен хадисті жатқа білетін шейхтардан дәріс аласың. Естігенсің. Естісең неге осы хадиске амал етпейсің. Хадистерді түрлі топтарға бөліп өзіңе ұнамаған кейбір хадистерді жоққа шығарасың. Саған құраннан аят келтірейін. Нахыл сүресінің 90-шы аятында «Негізінде Алла әділетті, игілікті және ағайын-туысқанға қарайласуды бұйырады», – деп тәуил жасамайтын сендер үшін ашық әрі түсінікті етіп жазылған. Біз құран хадиспен жүреміз, мазһаб пен жүру бидағат деп қоғам арасында бүлік тудырып жүрсің. Нәтижесінде түрлі айтыс-тартыс пен мұсылмандар арасына іріткі салып түрлі топтарға бөлдің. Сондағы мақсатың не? Мұсылмандарды жікке бөліп әлсірету ме, әлде қазақ қоғамын бір біріне айдап салып елдің берекесін алу ма? Егер исламнан хабарың болса адам өлтіруденде жаман нәрсе мұсылмандар арасында фитнә тудыру екенін білер едің. Жұрт назарынан ерекшеленіп жарасымсыз сақал қойып, балағыңды ақ шұлығың айқын көрінетін жерге дейін қысқарттың. Біз мұсылмандар атынан сенің сақал қойғаныңа қарсы емеспіз. Өзге дін өкілдері мен ислам дініне бет бұрған ниеттілерді шошытып алмай өскенін қырқып, ретке келтіргеніңді қалаймыз. Шариғатқа салсаң сақал қою сүннет болса, ата анаңа құрмет көрсетеу парыз екенін ұмытқаныңба? Сүннетің сауабын аламын деп жүріп парызды орындамай Алла алдында қаһарға ұшырамақпысың? Қоғамда көріп жүрміз сақал қойған жас жігіттердің көбісінің ата-анасы баласы сақал қойғанына қарсы. Себебі қазақтың шариғатқа қарсы келмеген дәстүрі бойынша әкесі тірі кісі ешқашан сақал қоймаған.  Кешегі ұлтымыздың мақтанышы болған Абай, Исатай, Маханбет, Кенесары бабаларымыздың сақалы қаба сақал, шоқша сақалдан әрі аспайды. Яғни сақалы ешкі сақалданып селдіреп тұрғаны жоқ. Бірі батырдың жүзіне айбат бітіріп тұрса, бірі ойшылдың кемеңгерлігін тұспалдайды. Ал сенікі қай сақал, кімдікіне ұқсайды? Қараусыз қалған кісі мен радикалды-экстремистік топтарда жүрген дін дұшпандарына ұқсамайма?

     Адасушылардың жолында жүріп қазақтың дәстүрін қор санадың, атаңды мүшірік, бауырыңды бидғатшыл дедің. Таза исламды ұстайтын араб халқы, Мекке тұрғындары деп санап араб дәстүрін ислам шарттары етіп қабылдадың. Егер сау  ақылыңа салып ойласаң Сауд корольдері Абдалла, Файсал, бейнесіне қарап шық. Аталған кісілердің сыртқы бейнесі сенің ұстап жүрген жолыңнан қарағанда қазақтың дәстүрлі ұстанымы ханафи мазһабына қатты ұқсайтынын көрер едің.

      Сенің өзің тектес бауырларың «Еркектің сақал қоюуы табиғи шарт, тіпті ешкі малының текесіндеде сақал болады»- деп сақалды қырмақ түгілі ұшын қырықпай, оған табиғаттан дәлел әкелген боласыңдар. Табиғаттың мысалы осы болса төрт түлік малдың ішінде ең тазасы һәм бағалысы жылқы малының еркегінде сақал болмайтынын білмейсіндерме?

     Өзіңді таза ислам жолында жүрмін деп өзге мұсылман бауырыңнан өзіңді  үстем ұстайсың. Бауырым сен мына нәрсені біл: сен нағыз мұсылмандар арасына іріткі салушылардың жолында жүрсің. Себебі сен жүрген жолдың ұстанымы ислам әлемі мойындаған жүйелі төрт мазһаб иелерін мойындамайды. Шариғатқа қарсы келмеген қазақ дәстүрін жоқ етіп араб халқының дәстүрін дін еткісі келеді. Бұл сенің ұлттық намысың мен ерекшелігіңе нұқсан келтіреді. Жаратушы бізді ұлыттар мен ұлыстарға бір-бірімізді тануымыз үшін бөіп жаратты. Сондықтан жаратушы заңдылығын мойын сұнып  ұлттық болмысымызды қатаң сақтауымыз қажет.

       Ойлан бауырым сыртқы сипатыңа қара, жан дүниеңе үңіл. Ата-анаңа қарсы шықпа. Ата баба жолына түс, дәстүрлі ханафи мазһабына қайта орал. Сен үшін, қазақтың бірлігі үшін тура жол осы.

 

                                                                                                                                                            Марат Қайратұлы

сақал, уахабизм, салафизм, сакал, сақал парыз, сақал сүннет, борода, сунна борода, фарз борода, сәләфизм, саляф, ахли сунна, уахабит
Марат ҚайратұлыМарат Қайратұлы
3 жыл бұрын 2293
0 пікір
Блог туралы